Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 7 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

7 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Қазақстанда Отан қорғаушы күні.
1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 7 мамыр - Отан қорғаушы күні Жоғарғы Бас Қолбасшы-Елбасы кезекті әскери шендер беру туралы Жарлыққа қол қойып, ерекші көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды. Бұл күн елімізде мерекелік демалыс күні саналады.

1992 жылы Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағамбетов тағайындалды.

1999 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаевқа жоғары марапат - «Халық Қаһарманы» атағы берілді (өлгеннен кейін). Рақымжан Қошқарбаев (1924 - 1988 жж.) Ақмола облысы, Тайтөбе ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. Ол 30 сәуірде жауынгер Григорий Булатовпен бірге Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа бірінші болып жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947 - 67 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. 1988 жылы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

2000 жылы Астанада Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш мемориал ашылды. Оның гранит плиткаларына 761 жауынгердің есімі қашалып жазылды.

2015 жылы Астанада Отан қорғаушы күні мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70-жылдығына арналған әскери шеру өтті. Салтанатты рәсімді ҚР Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н. Назарбаев қабылдады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл ең ауқымды шара болды. Оған ҚР ҚК барлық түрлерінен бес мыңдай әскери қызметші, басқа да әскерлер, әскери құрамдар, екі жүзден астам қару-жарақ пен әскери техника, 70 тікұшақ, әсери авиация ұшағы қатысты.
07 мамыр 2020 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области