Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда еріктілер мұқтаж отбасыларға үшінші баспана салып жатыр

Жаңақорғанда еріктілер мұқтаж отбасыларға үшінші баспана салып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында еріктілер үшінші жыл қатарынан тұрмысы төмен отбасына тұрғын үй салып беру ісін қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл істі «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының еріктілер тобы қолға алып отыр. Осылайша олар баспанаға мұқтаж отбасыларға қол ұшын созып келеді. Бұған дейін еріктілер қазақ халқының асар әдісін жаңғырту арқылы екі баспана салып, оны жағдайы төмен екі отбасына тарту етті.
Атап айтқанда, алғашқы жылы жалғызбасты ана Ақзила Исамаметоваға баспана берілсе, былтыр жаңа тұрғын үй кілтіне екінші топ мүгедегі, жалғызбасты ана Анар Беласарова ие болды.
«Айта кетерлігі, біздің бұл ісіміз аудан тұрғындары тарапынан кеңінен қолдау тауып отыр. Асар әдісі арқылы әрбір азамат өзінің қолында бар дүниені баспана салуға әкеп береді. Бұл орайда жергілікті тұрғындардың ерекше белсенділігін айта кеткеніміз абзал. Әрбір баспананы салу барысында еріктілер тобының мүшесі Данияр Досантаевтың еңбегі ерекше. Ол іргетастың қаланған сәтінен тұрғын үй салынып біткенше істің басы-қасында жүрді. Қоғамдық қор төрағасы Еркінбек Айнақожаев және өзге де жігіттердің жанашырлығы арқасында осылайша жылма-жыл мұқтаж жандарға тұрғын үй салу ісі жолға қойылды», - деді еріктілер тобының мүшесі Әбдісамат Әбдіш.
06 мамыр 2020 ж. 254 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области