Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаштық кәсіпкерлер жалғызбасты анаға баспана алып берді

Жалағаштық кәсіпкерлер жалғызбасты анаға баспана алып берді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында төрт балалы жалғызбасты анаға пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалағаш кентінде тұратын Гүлмира Ақылбаева төрт баланы тәрбиелеп отыр. Жалғызбасты ана Ораза айты мерекесінің алғашқы күнінде 2 бөлмелі үйге қол жеткізді. Бұл игілікті іске Жалағаш ауданы әкімдігі бастамашы болған.
Кілтті табыс еткен аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев: «Аудан кәсіпкерлері қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, әр мерекеде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіп келеді. Әкімдік тарапынан бірқатар кәсіпкерге осындай бір отбасына баспана алып беруге ұсыныс жасалған еді. Кәсіпкерлер бұл ұсынысты қолдап, бүгінгі Айт мерекесі қарсаңында пәтер кілтін табыстағалы отырмыз», - деді.
Өз кезегінде Г.Ақылбаева аудан әкімдігіне, демеуші азаматтарға алғысын білдірсе, кенттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев ақ батасын берді.
Айта кету керек, қазіргі таңда аудан бойынша 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналар саны - 842, «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлері - 1077.
Бұдан бұрын Қызылорда қаласының білім бөлімі тұрмысы төмен отбасына баспана салып бергенін хабарлаған едік.

06 маусым 2019 ж. 537 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области