Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаштың жыл үздіктері марапатталды

Жалағаштың жыл үздіктері марапатталды

Жалағаш ауданындағы Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде «Жауһар жауған Жаңа жыл» атты Жаңа жылдық мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Салтанатты жиынды аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, жиылған жұртшылықты санаулы күндерден кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан әкімі 2018 жылы аудан көлемінде атқарылған бірқатар ауқымды жұмыстарға тоқталып, салалар бойынша қол жеткен жетістіктерді айтып өтті.
«Бүгін үміт пен сенімге толы осы сәтте өткен жылды қорытындылаймыз. Алдымызға жаңа мақсат-міндеттерді белгілейміз. 2018 жыл біз үшін берекелі де жемісті жыл болды. Қазақ елі Тәуелсіздік жылдарында қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған ауданымыз да өз үлесін қосып келеді. Сыр еліндегі құт мекеннің бірі – Жалағаш ауданы – Мемлекет басшысының барлық бастамаларын зор ықыласпен қабылдап, қашан да қолдап отыр. Жалағаш ауданы – облыста Сыр маржанының үштен бір бөлігіне жуығын өндіретін ынтымағы артқан, ырысы тасыған өңір екенін біз мақтанышпен айтамыз», - деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, аудан әкімі алдағы жылы жоспарланған жұмыстарға тоқталып, жыл үздіктерін марапаттады. Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.



29 желтоқсан 2018 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области