Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Карантин: Барлық өңірге жол қашан ашылады?

Карантин: Барлық өңірге жол қашан ашылады?

Kyzylorda-news.kz. 1 мамырдан бері қала аралығында ұшқан ұшақтардан вирус жұқтырған факті тіркелген жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы өткен брифингте айтылды.
«Өздеріңіз білетіндей, 1 мамырдан бері еліміз ішіндегі Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл, Семей, Өскемен, Қызылорда қалаларына ұшақтың ұшуына рұқсат етілген. 1 мамырдан бері қала аралығында ұшқан ұшақтардан вирус жұқтырған факті тіркелген жоқ», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.
Оның айтуынша, ел ішіндегі қосымша бағыттардағы қозғалыс бойынша шешім өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.
«Бәрі карантин талабы қалай сақталғанына және соның нәтижесіне байланысты. Ал шекара қашан ашылатынын Үкімет шешетін болады. Ол да эпидемиологиялық жағдайға байланысты», - деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.
06 мамыр 2020 ж. 486 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области