Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Карантин: Қазақстанда балабақшалар қандай тәртіппен жұмыс істейді?

Карантин: Қазақстанда балабақшалар қандай тәртіппен жұмыс істейді?

Kyzylorda-news.kz. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режиміндегі балабақшалардың жұмыс тәртібін түсіндірді.
«Балабақшаларға тыйым болғанымен, бүгін біраз азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Бүгін қаншама өндіріс орындарында, қызмет көрсету саласында жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Бірақ, жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенімен, көптеген азаматтардың сәбиі бар. Онда да қарастырып отырмыз», - деді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, жұмысқа шығатын ата-аналар баласын балалабақшаға апара алады. Бірақ, бала санына арнайы шектеулер қойылады.
«Орта есеппен бір топта 25-30 бала болса, қазіргі шектеулерді ескере отырып, әр топта 15 баладан аспайтындай деңгейге жеткізуіміз керек. Сондықтан, әрбір жұмыс істейтін ата-ана балаларын балабақшаға бере алады. Әрі қарай да бұл бағытта жағдай жасауға тырысамыз», - деді Ералы Тоғжанов.
12 мамыр 2020 ж. 358 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области