Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл талапкерлер ЖОО-ға құжатты электронды түрде тапсырады

Биыл талапкерлер ЖОО-ға құжатты электронды түрде тапсырады

Kyzylorda-news.kz. Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдай бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты.
«Цифрландыру мәселесі өте өзекті болып тұр. Біз биыл бірінші рет цифрлық режимде ҰБТ тапсыруға құжаттарды қабылдадық. Алдыңғы жылмен салыстырғанда құжаттардың саны біраз көбейді. Цифрландыру мәселесі ары қарай да біздің басты назарымызда болады», – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, енді ЖОО мен колледждерге құжат қабылдау науқаны басталады. Бұл мәселені де қазіргі жағдайға сәйкес дұрыс жолға қойып, тиімді іске асыру керек.
«Жыл сайын 300 мыңнан астам түлек колледж бен ЖОО-ға құжаттар тапсырады. Құжаттар пакеті фотосурет, көшірме, куәліктен және басқа да 6 құжаттан тұрады. Бұл құжаттарды жинау үшін шамамен 4 мың теңге кетеді. Жыл сайын осындай құжаттарды тапсыруға 1 мрлд теңге жұмсалады. Сонымен қатар құжаттарды барып тапсыру, кезекке тұру керек. Мұндай қажетсіз кезекке тұруды болдырмау үшін құжаттарды қабылдауды автоматтандыру керек. Биыл барлық білім беру ұйымдарына қабылдау Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда кішкене апаттық жағдай орын алғандықтан, оның қалай жүзеге асырылатынын қазір көрсете алмаймыз. Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдайды», – дейді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары.
12 мамыр 2020 ж. 264 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области