Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл талапкерлерге жатақханалардағы орын автоматты түрде беріледі

Биыл талапкерлерге жатақханалардағы орын автоматты түрде беріледі

Kyzylorda-news.kz. 1 маусымға дейін ЖОО-лар мен колледждер құжат қабылдауға толық дайын болуы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз қазір қабылдау комиссиясы үшін электронды нұсқада келген өтініштерді қалай өңдеп, келген сұрақтарға қалай бірден жауап беру туралы оқу курстарын өткізіп жатырмыз. Біз 1 маусымға дейін ЖОО мен колледждердің осындай ішкі жұмыстарын толық бітіріп, құжат қабылдауға толық дайын болуымыз керек», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, құжаттарды электронды түрде қабылдау кең қолданысқа ие.
«Колледждерде тамақтану, жатақханадан орын алу мәселесі бар. Осындай қызмет түрлерінің әрқайсысына бөлек-бөлек өтініш жазып, жекелей құжат жинау керек болатын. Енді абитуриент құжат тапсырғаннан кейін ақпараттық жүйеден оның әлеуметтік мәртебесі, мекен-жайы көрсетіледі және тамақтану қызметі мен жатақханадан орын бірденберіледі», - дейді ол.
12 мамыр 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области