Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 13 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

13 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1930 жылы СССР ХКК қаулысымен ҚарЛаг құрылды. Ол үшін Қарқаралы округінің аумағында 110 мың гектар жер берілді. Қарағанды лагері басқармасы Қарағандыдан 47 шақырым жерде Долинка кентінде орналасты.
ҚарЛаг ашылған сәтте оған 47 ұлт өкілінен 2 567 жазасын өтеуші қамалды. 1937-1938 жылдары мұнда 43 мың жазасын өтеуші болды. ҚарЛаг жүйесі 292 лагерлік өндірістік орын, 26 дербес бөлімшені қамтыды. 1931-1960 жылдары ҚарЛАГ-та 1 млн-ға жуық адам болды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты бекіту туралы келісім жасалды.

2002 жылы Қазақстан Ядролық жеткізушілер тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болып қабылданды. Қазақстанның ЯЖТ-ға қатысуының мақсаты - лаңкестікке қарсы шараларды күшейту, жаппай қырып-жою қаруларының таратылуына қарсы әрекет ету, ядролық материалдарды және қос мақсаттағы өнімдердің пайдаланылуы мен тасымалдануына бақылауды күшейту.

2010 жылы Қазақстанда экспорт және инвестициялар бойынша «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі құрылды.
Жаңа құрылған органның негізгі мақсаты - экспортты дамыту және жылжытумен қатар, Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция тарту.
Ұлттық агенттіктің қызметіне Қазақстан аумағында экономиканың өңдеу секторында бірлескен өндірістер құру мақсатымен жетекші трансұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасасу кіреді. Ел экономикасының шикізаттық емес секторларына салым салуға дайын шетелдік инвесторлар үшін «KAZNEX INVEST» АҚ бір терезе қағидатымен қызметтер ұсынатын болады.

2013 жылы Қазақстанның 5 мың теңгелік жаңа банкнотын Халықаралық банкнот қауымдастығы (IBNS) «2012 жылғы үздік банкнот» деп таныды.
13 мамыр 2020 ж. 223 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру