Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 30 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

30 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаны туралы ноталар алмасу рәсімі болды.

1993 жылы Италияның «Экос» журналы Қазақстанға арналған санын шығарды. Басылым қазақ, орыс, итальян, ағылшын тілдерінде жарық көрді. Онда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың сұхбаты берілген.

2001 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы» құрылды. Қауымдастықтың негізгі міндеттерінің бірі - Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін түлектердің күш-жігерін, зияткерлігін, шығармашылығын және іскерлік әлеуетін біріктіру, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлуметтік және саяси прогресіне мүмкіндік беретін жасампаздық іс-шараларды өткізу.
«Болашақтықтардың» құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, біртұтас шаңыраққа біріктіріп ұйымдастыруды Қауымдастық өзіне жауапкершілікке алды.

2010 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының жанынан Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ашылды.

2017 жылы Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы құрметті консулдығының ашылу рәсімі болды.
26 наурыз 2020 ж. 161 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области