Қызылордада тұрғын үйден шыққан өрттен 2 адамды күйік шалды

Өрт салдарынан 46 жастағы азаматтың денесінің 5-10 пайызын күйік шалып, жағдайы орташа деп есептелді.
Ал, 20 жастағы жігіттің денесінің 50-60 пайызы жарақаттанып, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
«Жарақат алған азаматтар облыстық медицина орталығына жатқызылды. Дәрігерлердің қарауынан кейін 1974 жылғы азамат үйіне қайтарылды. Өртенген үй тұрғындары уақытша туыстарының үйіне орналастырылды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.