Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада екі қабатты үйде газ жарылды

Қызылордада екі қабатты үйде газ жарылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында екі қабатты үйде газ баллонынан газ таралуы салдарынан жарылыс болған. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш төтенше оқиға кеше, 15 тамыз сағат 13.40 минутта болған. Облыс орталығындағы Әлихан Бөкейхан көшесі №45 үйдің екінші қабатында орналасқан №3 пәтерде редуктордағы ақауы салдарынан 27 литрлік баллоннан газ ауаға таралған. Нәтижесінде ол жанусыз күйдегі жарылысқа себепші болды.
«Оқыс оқиға салдарынан 1942 жылы дүниеге келген азаматша күйік жарақатын алды. Ол қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілді. Сондай-ақ, «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының қызметкерлері осы үйдің тұрғындарына медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Ал тұрғын үйдің №1, 3 пәтер тұрғындары туысқандарының үйлеріне орналастырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.



16 тамыз 2019 ж. 330 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области