Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 90 жастағы әжей ажалдан аман қалды

Қызылордада 90 жастағы әжей ажалдан аман қалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық құтқарушылар пәтерінде есінен танып құлап қалған тоқсан жастағы азаматшаны ажалдан құтқарып қалды. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар саласы мамандарына қала тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Онда «Мерей» шағын ауданындағы пәтердің бірінде 90 жастағы анасының есікті ашпай жатқанын айтқан.
«Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келді. Қария төртінші қабатта тұрады екен. Құтқарушылар бесінші қабаттан терезе арқылы үй ішіне кіруге мәжбүр болды. Пәтер ішінде 1929 жылы дүниеге келген қарияның құлап жатқанын көрді. Қария тұруға мүмкіндігі болмай, кіре беріс есік алдына құлап түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақыртылып, қарт кісі дәрігерлерге тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова.
Бүгінде кейуананың денсаулығы бірқалыпты көрінеді.
26 шілде 2019 ж. 361 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области