Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫС ӘКІМІ АРАЛДАҒЫ АПАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ АРАЛДАҒЫ АПАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


    Тұрғындармен кездесу барысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев олардың жаңа тұрғын үймен қамтылатынын айтты.
    Облыс әкімі екі қабатты ғимарат блоктарының арасындағы өткел құлаған көпқабатты үй тұрғындарымен кездесті.
    Облыстық бюджеттен Кіші Арал көшесінің бойынан 31 жеке үйдің құрылысына қаржы бөлініп, ол Арал қаласындағы апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындары мен бюджеттік сала қызметкерлеріне беріледі деп хабарлады облыс әкімі.
    «Сіздердің жағдайларыңызды біліп, барлық жағдай жасалғанына көз жеткізгім келді. Апатты ғимарат бұзылады. Сіздерге Кіші Арал көшесінен 31 жаңа жеке үйлер беріледі. Біз көпқабатты үй емес, жеке үйлер салуды жөн көрдік. Осындай шара қолдану арқылы Арал қаласындағы апатты тұрғын үй мәселесі толықтай шешіледі», - деді аймақ басшысы.
    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін, яғни 18 наурыз күні Арал қаласының әкімі Бауыржан Махатов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазіргі таңда Арал қаласында 8 отбасы тұратын тағы бір апатты үйдің бар екенін айтты. Төтенше жағдай орын алған үйде 16 отбасы тұрған. Олай болғанда, жаңа 31 жеке үйді апатты үйдегі 24 отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлері алатын болады.
    Оқырманның жадында болар, 2018 жылдың 17 наурызы күні Арал қаласында қос қабатты ғимараттың блоктары арасындағы өткел құлаған болатын. Қаладағы Жароков көшесі, 20 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимарат 1986 жылы балабақша ретінде салынған. Ал, 90-жылдары баспанасы жоқ аудан тұрғындары мұнда заңсыз орналасқан. Мұнда 20 пәтер болса, оның 15-інде адам тұрған. Өткел құлаған соң тұрғындар тез арада аудандық Жастар ресурстық орталығына және туған-туысқандарының үйлеріне орналастырылды. Бүгінде аудан басшылығы тапсырмасымен тұрғындарды уақытша тұрғын үймен қамту шараларын қабылдап, жұмыс жасауда.


19 наурыз 2018 ж. 710 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области