Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер онлайн форматта шығармашылық сайыс өткізді

Қызылордалық полицейлер онлайн форматта шығармашылық сайыс өткізді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан наркология орталығының емделушілері арасында «Мен саған өз өмірім жайлы айтып беремін» тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды.
Сайысқа барлығы 20 емделуші қатысты. Қатысушылардың көпшілігі жалпы өмірбаянын жазумен шектелсе, өз өмірінде жасаған олқылықтары жайлы жазғандар да жоқ емес.
«Барлығының балалық шағы жақсы өткен, басым көпшілігі отбасын құрып балалы болған, ал сонан соң туындаған қиыншылықтар, болмаса өздерінің немқұрайлылығына байланысты ішімдікке, нашақорлыққа салынған. Көпшілігі жоғары, арнайы орта оқу орындарын бітіріп, кезінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған тұрғындар. Қазіргі таңда жалғыз екендігін көрсетсе, кейбіреулері отбасымен бірге тұратынын атап өткен. Соңғылары балалары мен немерелері, олардың жетістіктері жайлы жазған», - дейді ұйымдастырушылар.
Байқаудың барлық қатысушылары арнайы дипломмен марапатталып, сыйлық табысталды.
13 мамыр 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области