Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Арал ауданында болды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Арал ауданында болды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Арал ауданына барды.
Министр әуелі алдымен Көкарал бөгетінің жұмысымен танысып, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу мен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасының ІІ фазасын іске асыру мәселесін талқылады. Сапар барысында Мағзұм Мырзағалиев бөгеттің жұмысына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
«Өздеріңіз білесіздер, 2005 жылы Көкарал бөгеті салынды. Дегенмен оның қазір біраз мәселелері бар. Бір жағын су шайып жатыр. Сондықтан бөгеттің жұмысын қалыпқа келтіріп, қуаттылығын арттыруымыз қажет. Биыл министрлік тарапынан жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге қажетті қаражат бөлінді, жоба дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарын бастаймыз», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Сондай-ақ, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі САРАТС жобасына да тоқталды.
«Нақты қабылданатын шараларды анықтадық. Енді тиісті жұмыстарды атқаратын боламыз. Бұл жобаның маңыздылығы Көкарал бөгетіне келетін суды жинақтау болып табылады. Сондай-ақ, екінші фазада су көлемі көбейіп, сәйкесінше балық шаруашылығы да дамыйтын болады. Бүгінгі күні республика көлемінде су қоймаларының жағдайына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Соған сәйкес, әр аймақтан нақты ұсыныстар берілу керек», - деді министр.
Көкарал бөгетінің арқасында бүгінде балық аулау көлемі 0,4 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін артқан және су маржанының жергілікті түрлері, оның ішінде, бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ, теңіздегі судың көлемі 15,6 млн. текше метрден 27,1 млн. текше метрге дейін ұлғайған.
Арал ауданындағы негізгі кәсіптің бірі – балық шаруашылығы. Министр Мағзұм Мырзағалиев пен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС және Арал балық өңдеу зауытында да болып, жұмысымен танысты.
Қазір теңіздің белгіленген бір аумағына шығуға әр қайсысында екі балықшысы бар 20 қайыққа ғана рұқсат етілгін. Балықшылар министрге жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін қойылған лимитті ұлғайту туралы өтініш білдірді.
Мағзұм Мырзағалиев балықшыларға бұл мәселені қарастыруға уәде берді.
14 мамыр 2020 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области