Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президент тапсырмасы: Сексеуіл кентіндегі мектеп құрылысы осы айда басталады

Президент тапсырмасы: Сексеуіл кентіндегі мектеп құрылысы осы айда басталады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына сапары барысында Сексеуіл кентіндегі жаңа 300 орындық мектеп салынатын аумаққа барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сексеуіл кентінде қазіргі таңда 15 мыңға жуық халық тұрады. Кенттің орталығынан үлкен темір жол торабы өтеді. Сексеуілдегі 3 мектеп темір жолдың бір бетінде орналасқандықтан екінші бетінде тұратын 360 оқушы шойын жолдан өтуге мәжбүр.
Бұл мәселені шешу үшін жаңа білім ұясын салуға тиісті құжаттар әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне тапсырылып, қолдау тапты. Енді мамыр айында білім ошағының құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.
Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды межеленген уақытында пайдалануға беруді тапсырды.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сексеуіл стансасындағы мектепке жету үшін темір жолдардан өтуге мәжбүр балалардың мәселесін шешуді тапсырды. Бұл – өзекті мәселе. Сол себепті Үкімет нақты шаралар қабылдады. Жаңа оқу жылында, оқушылар заманауи мектепте білім алады деп сенеміз. Қаржысы бөлінді. Енді тек жұмыс жасау қажет», - деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.
14 мамыр 2020 ж. 279 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области