Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2020 жылы МӘМС жарналарын төлеуді қандай тұлғалар дербес жүргізеді?

2020 жылы МӘМС жарналарын төлеуді қандай тұлғалар дербес жүргізеді?

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы МӘМС жарналарын төлеуді қандай тұлғалар дербес жүргізеді? Бұл сұраққа «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.
«МӘМС жарналарын дербес төлеушілер мына түлғалар болып табылады: тіркелмеген жұмыссыз азаматтар, ҚР шегінен тыс жерлерге кеткен тұлғалар (ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кеткендерден басқа), жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын, салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған азаматтар», – деп хабарлады Б. Исмаханбетов.
«Дербес төлеушілер өз пайдасына ай сайын МӘМС-ке аударады және жарналарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде 2020 жылдын 1 қаңтардан бастап жарналарды төлейді. Осылайша, МӘМС жарналарын дербес төлеушілер болып табылады және МӘМС-ке жарналарды дербес төлеушілер ретінде төлейді. Ол 1 ЕТЖ-ден 5%, немесе 2 125 теңгені құрайды», – деп түсіндірді Қор филиалының басшысы.
Б. Исмаханбетовтың айтуынша, мәселен үй шаруасындағы әйел ресми түрде бала күтіміне байланысты демалыста болса, онда ол өзі үшін МӘМС жарнасын төлеудің қажеті жоқ, себебі декреттік демалыста жүрген кезеңінде мемлекет ол үшін МӘМС жарнасын төлейді.
Жалпы, мемлекет азаматтардың 15 санаты үшін төлемдерді жүзеге асырады.
Толығырақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтынан білуге болады.
14 мамыр 2020 ж. 261 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру