ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ
Былтыр өңірге инвестиция тарту мақсатында 13 роуд-шоу ұйымдастырылды, облыс делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында 5 мәрте шетелге шықса, бізджің облысқа осындай мақсатпен 8 рет шетелдік инвесторлар келді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Е. Ким жыл қорытындысына орай өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.
Сондай-ақ, өткен жылы ІІ Халықаралық интернет-форум өткізіліп, оған әлемнің 9 елінен 20-дан астам халықаралық компания өкілдері қатысты.
– Былтыр 15-16 қараша аралығында дәстүрлі IХ «Baikonur INVEST» инвестициялық форумы өткізілді. Оған 7 елдің өкілдері қатысып, өзара ынтымақтастық туралы 23 меморандумға және келісімге қол қойылды, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Осындай жүйелі жұмыс нәтижесінде 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда былтыр сырттан тартылған инвестиция көлемі 47,8 пайызға ұлғайды.