Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 25 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

25 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

«Халықаралық жоғалған балалар күні» деп жариялады.
Бір жылдан соң жоғалған және пайдаланылған балаларды іздеудің ұлттық орталығы құрылды. Аталған бастаманы бірқатар Еуропалық ел қолдады. 1997 жылы жоғалған және пайдаланылған балаларды іздеудің халықаралық орталығы (ICMEC) құрылды.

Филологтар күні
Бұл мереке филологиялық білімі бар тіл мен әдебиет саласындағы оқытушылар, кітапханашы, аудармашы-филологтарды біріктіреді. Филология деген атаудың түп төркіні гректің «фило» - «сүйіспеншілік», «логос» - «сөз» деген сөздерінен шыққан. Сонда «сөзге сүйіспеншілік» деген мағына береді. Ал біз қолданып жүрген арабтың «əдебиет» деген сөзі «асыл сөз» деген мағына берсе, латынша «литература» жазу - сызу деген мағына береді екен. Филология - адам баласының рухани мəдениетінің мəні мен тарихын жазба мəтіндерді тілдік жəне стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, əдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пəндердің бірлестігі, жиынтығы.

1992 жылы Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара көмек көрсету, достық туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара сызығын белгілеу уағдаластығына қол жеткізілді.

2006 жылы Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын толтыру аяқталды. Оның құрылысы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасында 2004 жылғы мамырдың 17-сінде жасалған Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын салудың негізгі ұстанымдары туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылды. Құбырды толтыруға қажет технологиялық мұнайдың көлемі 400 мыңнан астам тоннаны құрады. Мұнай құбырын толтыру салтанаты 2005 жылғы желтоқсанның 15-інде басталған болатын. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Астанадағы орталық диспетчерлік басқару ғимаратынан мұнай құбырларын автоматты бақылау және басқару жүйесі көмегімен іске қосты. Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының ұзындығы - 962,2 шақырым, құбыр диаметрі 813 миллиметр. Оның жобалық өткізу қабілеттілігі - жылына 20 млн.тонна, соның ішінде алғашқы кезеңінде жылына 10 млн. тонна мұнай өткізе алады. Мұнай құбыры Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын басып өтіп, ҚХР аумағындағы Алашаңқайға жетеді.

2015 жылы «Қазпошта» АҚ Еуразиялық экономикалық одаққа арналған «Еске алу және мерейтойлық күндер» сериясынан пошталық марканы айналымға енгізді. Одақтың бір жылдығы құрметіне ол ЕАЭО нышаны, Қазақстанның туы бейнеленген маркамен толықты.

25 мамыр 2020 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области