Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада шектеу шараларына өзгеріс енгізілді

Қызылордада шектеу шараларына өзгеріс енгізілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша 18 мамырдан бастап карантиннің кейбір мәселелеріне өзгертулер мен толықтырулар енеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
«Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосудамыз. Дегенмен қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі. Төртінші кезеңге,яғни 18 мамырдан бастап іске қосылатын орындарға қосымша нысандар қосылды. Олар ломбардтар, азық-түлік емес дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар, туристік,авиа, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады», - деді Әлия Әбіқайымова.
Жоғарыда аталған нысандар тек шектеулі уақытта ғана қызмет ететін болады. Сондай-ақ, азық-түлік сататын дүкендердің жұмыс уақыты 10.00-22.00-ге дейін ұзартылды. Ал тұрғындар қалаішілік такси қызметін 07.00-23.00-ге дейін пайдалана алады. Алайда тұрғындар сақтық шараларын сақтап, ережеге бағынуға міндетті.

Қазіргі таңда аймақта ахуал тұрақты. Құрметті қызылордалықтар, өз денсаулықтарыңызға сақ болыңыздар!
18 мамыр 2020 ж. 279 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области