Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын жаңа форматта бастауда

Халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын жаңа форматта бастауда

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
«Енді азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі», электронды форматта қолжетімсіз және egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алады. Және де халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін 1414 байланыс орталығы, egov.kz сайтындағы арнайы сервисі немесе TelegramBot қосымшасы арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет. Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді»,-деді Айдын Бөкенбайұлы.
Айта кетейік, бұл жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдерде келушілердің ағыны қалаға қарағанда айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, азаматтар мемлекеттік қызметтер және оларды өз бетінше қалай алуға болатыны туралы толық ақпаратты 1414 нөміріне хабарласып біледі, ондағы ХҚО операторларынан кеңес ала алады.

18 мамыр 2020 ж. 405 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области