Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » COVID-19 тестін кімдер тегін тапсыра алады?

COVID-19 тестін кімдер тегін тапсыра алады?

Kyzylorda-news.kz. Полимеразды тізбекті реакция әдісімен COVID-19 тестінен кімдер тегін өте алады? Осы сауалға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.
«Егер сіз емханаға, ауруханаға ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция), пневмония, тұмау белгілерімен жүгінсеңіз, онда ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде ИФТ (иммуноферменттік талдау) жедел тестілеу, ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен COVID-19 тестілеу тегін жүргізіледі. Мұндай шарттар тыныс белгілері бар медицина қызметкерлері үшін де қарастырылған», - деді Бақыт Исмаханбетов.
Халықтың келесі санаттары тегін тестіленеді:
•COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;
•ЖРВИ және пневмония белгілері бар азаматтар;
•COVID-19 науқастарымен тығыз байланыста болған адамдар;
•стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі науқастар;
•тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;
•шетелден келген адамдар;
•коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
•жүкті әйелдер т. б.

Сонымен қатар, Қорда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізетінін хабарлады:
•үй карантиніндегі байланыста болған тұлғалар;
•арнайы контингент (тыныс белгілері бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);
•әскерге шақырылушылар және т.б.

Бір тесттің бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды. Жалпы, қызылордалықтарды ПТР арқылы коронавирусқа жаппай тексеру үшін республикалық бюджеттен 213,2 млн теңге бөлінді. Оның 60,2 млн теңгесі ауруханаларға жіберілген, 153 млн теңгесі емханаларға қарастырылған. Бүгінгі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы 22 медициналық ұйыммен тест өткізу туралы келісімге қол жеткізді.
Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, аймаққа қатерлі індетпен күреске шамамен 2 млрд теңге бөлінді.
19 мамыр 2020 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области