Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылатын болды

Соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылатын болды

Kyzylorda-news.kz. 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Білім саласында осы апта маңызды екендігін естере отырып, тоқсандық бақылаулардың дұрыс өткізілуін қадағалау қажет. 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізілетіндігіне назар аудартамыз. Ал 3-4 маусым күндері барлық 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру шараларын ұйымдасқан және талаптарды сақтай отырып өткізуді ұсынамыз», - деді Шолпан Каринова.
Осы ретте ҚР Білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов жоғарыда аталған ұсыныстар еліміздің Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгендігін атап өтті.
«25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтарын өткіземіз. Жыл қорытындысын сол жерде әр сынып бойынша жасауға, оны әртүрлі уақытта өткізуге болады. Оны асыра ұйымдастырудың қажеті жоқ. Әр сынып жетекшісі қай уақытта, қалай өткізетіндігін ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіпте өткізуі тиіс», - деді министр.
Асхат Аймағамбетов 3-4 маусымда мектеп түлектеріне аттестат тапсыру шарасы кезінде санитарлық талаптардың қатаң сақталуы тиістігіне ерекше назар аудартты.
19 мамыр 2020 ж. 290 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области