Биыл Қызылорда облысында 573 оқушы «Алтын белгіге» үміткер
Kyzylorda-news.kz. Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бітіруші түлектер үшін «Аттестат тапсыру» және «Соңғы қоңырау» шаралары 3-4 маусым күндері өтеді.
Биылғы ерекшелік – мемлекеттік емтихандар өткізілмейді. Аттестатқа қорытынды баға жылдық бағалар негізінде қойылады. Облыс бойынша «Алтын белгіге» 573 оқушы үмкіткер.
Салтанатты шаралар мектептің сыртқы ауласында ұйымдастырылады. Санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Жиынға бітірушілер мектеп формасымен қатысады.
Сондай-ақ, үйлерде, кафе, ресторандар да отырыстар өткізу және картежге шығуына қатаң тыйым салынды.
Жалпы оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруға, мектептерге сыйлық алуға оқушылар мен ата-аналардан, педагогтардан ақша жинауға рұқсат берілмейді.