МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ АЯҚТАЛДЫ
Аттестаттау қорытындысымен «Алтын белгіге» 343 үміткердің 318-і иеленсе, «Үздік аттестатқа» 232 үміткердің 215-сі білімін дәлелдеді.
Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. 20-22 маусым аралығында Қызылорда облысында 2 қала 7 ауданда барлығы 9 тестілеу орнында өтеді.
20 маусым күні Қармақшы, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы №4 дарынды балаларға арналған, №9, 10 «Білім-инновация» мектеп-лицейден түлектер қатысуда.
21 маусым күні Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары
22 маусым күні Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Қызылорда қаласынан тапсырады.
Биылғы жылы Министрлік ұсынысына сәйкес тестілеу барысында онлайн трансляция жүргізіледі. Кез-келген ата-ана тестілеу пункттеріне бармай ақ балалырының тест тапсыру кезін өз телефондарынан немесе компьютерлерінен бақылай алады.
Осыған орай тестілеу пункттері қажетті жоғары жылдамдықтағы Интернет желісімен және бейнекамералармен жабдықталды.
Тестілеу нәтижесін testcenter.kz сайтынан көре алады және күні бойы 8 800 08 07 177 нөмерде call-center жұмыс жасайды.