Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА 147 МЫҢ ОҚУШЫ ҮШІН МЕКТЕПТЕРДЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА 147 МЫҢ ОҚУШЫ ҮШІН МЕКТЕПТЕРДЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ


    Қазақстанның мектептерінде салтанатты түрде «Соңғы қоңырау» шарасы өтіп жатыр. Биыл 147 мың оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Оның 7 мыңы «Алтын белгі» иегерлері, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    Астана қаласының Білім басқармасынан хабарлағандай, елордада 5,8 мың оқушы мектеп бітіруде. Биыл ата-аналар қоғамдастығының өтініштерінен кейін елорда мектептерінде шар ұшыруға тыйым салынды.
    Бұдан кейін 29 мамыр мен 9 маусым аралығында оқушыларды емтихан түріндегі қорытынды аттестаттау күтіп тұр. Олар мектептерінде бес пән, атап айтқанда төрт міндетті - қазақ тілі, орыс тілі, алгебра және талдау бастамалары, Қазақстан тарихы және таңдау пәні (гуманитарлық немесе жаратылыстану бағытында) бойынша оқушылар білімдерін дәлелдеуі тиіс.
    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен хабарлағандай, аттестаттарды тапсыру мен түлектер кеші мектептерде 2018 жылы 15 маусымында өткізілмек. Бұған дейін министр Ерлан Сағадиев түлектер кешінде қатысу-қатыспау әркімнің өз шешімі болатынын хабарлаған болатын.
    Ал қалалық білім басқармасы Астанада жалпықалалық түлектер кеші болмайтынын хабарлады. Түлектер кеші өткізілетін орынды ата-аналардың өздері таңдайды. Мектептер түлектер кешінің уақыты мен орыны туралы ақпарат береді де, сол кесте бойынша басқарма мұғалімдер мен инспекторлардың кезекшілігін жүзеге асырады. Маусым айының соңында «Елорда мақтанышы» шарасы ұйымдастырылып, қала басшылығы «Алтын белгі» иегерлерін құттықтайды.
    Айта кетсек, Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл 20 маусым мен 1 шілде аралығында 167 пункте өтеді. Тестілеудің форматы өзгеріссіз қалған. Жиыны 140 балдық сында өту балы - 50. Ұлттық ЖОО-ларға түсу үшін 65 балға ие болу керек. Ұлттық бірыңғай тестілеуді 102 мың 442 бала тапсыратын болады. Айта кетерлігі, ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-ны түлектердің 80 пайызы қазақ тілінде тапсыратынын хабарлаған еді.
25 мамыр 2018 ж. 873 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области