ОН ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Қызылорда қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңінде жүлделі орын алған оқушыларды марапаттау салтанаты өтті.
«Мұрагер» мектебінде өткен қалалық кезеңге 8 - 11 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік сайыста жеңімпаз атанған 1460 оқушы қатысты. Оның ішінде қазақ бөлімінде 1278, орыс бөлімінде 182 оқушы өз білімдерін сынады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың кезеңінде 353 оқушы жүлделі орын алды.
Ал осы жылғы 5-6 қаңтарда Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне 32 оқушы қатысты. Оның ішінде 26 оқушы жүлделі орын иеленіп, 10 жүлдегер республикалық кезеңге жолдама алды.