Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ КӨГІНДЕ, СЫҢҒЫРЛА КҮМІС ҚОҢЫРАУ!

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ КӨГІНДЕ, СЫҢҒЫРЛА КҮМІС ҚОҢЫРАУ!


     Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Бұл күні түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
     Иә, бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, ұл-қыздарымыз болашақтың биік баспалдағына қадам басқалы тұр. Алда қызықты да жауапты жолдар жатыр. 
     Салтанатты шара Арал ауданында да ерекше атап өтілді. Кең көлемде ұйымдастырылған дәстүрлі шара биыл Арал қаласындағы Т.Шевченко атындағы №13 мектепте ұйымдастырылып, оған аудан әкімі қатысты. 
      Соңғы қоңырау шарасында сөз алған аудан басшысы М.Оразбаев ата-ана, ұстаздар қауымы мен оқушыларға ізгі лебізін білдіре келе, мектеп бітіруші түлектерге «Сіздер, қаладағы алғашқы іргетасы қаланған білім ордасының түлектерісіңдер. Бұл – зор мақтаныш және ол үлкен жауапкершілік. Өйткені, бұл киелі білім ошағынан еліміздің белгілі өр тұлғалары – Әбдіжәміл Нұрпейісов, Құдайберген Сұлтанбаев, Якуда Халықұлов, Құдайберген Саржанов, Ұзақбай Қараманов, Атабай Қылышбаев, Елеу Көшербаев сынды тағы басқа көптеген халық ағарту ісінің үздіктері, түрлі ғылым саласының ғалымдары қанаттанып, ел үшін еңбек етті. Сендер де осы ел перзенттерінің ізін жалғап, биіктерден көрінетіндеріңе сенемін», - деп, түлектерге зор үміт артты.
     Шара аясында Т.Шевченко атындағы №13 орта мектептің осыдан 30 жыл бұрын бітірген түлектері де бас қосып, ұлағатты ұстаздарымен қауышты. 
    Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер ұстаз, мектеп жайлы әндерді шырқап, жүрекжарды ыстық ықыластарын білдірді.
     Шара соңында түлектер вальс ырғағында ілесіп, соңғы мектеп биін биледі. Түлектер ұшырған ақ көгершіндер мен шарлар ерекше көңіл-күй сыйлады.
    Осындай салтанатты шаралар ауданның барлық ауылдарында аудан әкімі орынбасарларының, жергілікті атқарушы билік органдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
     Айта кетейік, биылғы жылы ауданымыз бойынша 830 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 454-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірді.
    Түлектердің 43-і «Алтын белгіге» үміткер, 17 оқушы – «Үздік аттестатқа» ұсынылып отыр. Ал, Т.Шевченко атындағы №13 мектеп биыл 48 түлекті алтын ұядан ұшырмақшы.







25 мамыр 2018 ж. 1 273 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области