Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 260-қа жетті

«Жаңадан 5 дерек тіркелді. Оның екеуі – Қазалы ауданынан. Олар Атырау облысынан келген вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің арасынан анықталды. Ал үшеуі - Қызылорда қаласынан. Науқастардың барлығы індет жұқтырғандармен байланыста болған. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты, емдерін алуда», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған – 3582 азамат анықталды. Оның ішінде, 1990-ы жақын қарым-қатынаста, 1592-сі жанама байланыста болған.