Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы аурухана қызметкерінен коронавирус табылды

Қызылордадағы аурухана қызметкерінен коронавирус табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында облыстық көпбейінді аурухана қызметкеріне коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
Өңірде бүгінгі күнге вирус жұқтырғандар саны 246 болса, 205 адам емделіп шықты.
«Коронавирус инфекциясымен 1 науқас анықталды. Ол облыстық көпбейінді аурухананың фильтр кабинетінің қызметкері. Облыс бойынша қазіргі таңда індет жұқтырғандардың 50-і медицина қызметкері. Жалпы соңғы тәулікте 12 науқас емделіп шығып, есеп 200-ден асты. Оның ішінде 34-і медицина саласының қызметкері», - деді Жақсылық Абдусаметов.
Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3 343 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1 869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1 474 азамат. Облыс бойынша барлығы 560 сынама алынды. Нәтижесінде 559-ы теріс мәнді, 1-уі оң мәнді. Айта кетерлігі, Қызылордада бүгіннен бастап базарлар ашылады.
18 мамыр 2020 ж. 274 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области