Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Найзағай, қатты жел: Бүгін Қызылорда облысында ескерту жарияланды

Найзағай, қатты жел: Бүгін Қызылорда облысында ескерту жарияланды

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК бүгін Қызылорда облысында дабылды ескерту жариялады.

21 мамыр күні Қызылорда облысында найзағай жарқылдайды, жел секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.

Осыған сәйкес, еліміздің Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға ауа райының күрт құбылуын назардан шығармауды сұрайды. Дауылды ескерту туралы хабарламаға құлақ асып, қажетті сақтық жасау керек. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге дейін күшейеді.

Елді мекендерде қауіпсіздік техникасының басты ережесін ұстану керек. Шағын қалалар мен мегаполистерде дауыл кезінде зардап шегу ықтималдығы жоғары болады. Қатты дауыл соққанда үйдегі барлық терезе тығыз жабылуы тиіс. Толық жабылмаған балкон мен лоджиядан қатты жел кезінде сыртқа ұшып кетуі мүмкін барлық затты (құмыра, жәшік, шөлмек және т.б.) алып тастау керек.

Тұрғын үй бұрышындағы балкондарда дауыл кезінде рамасымен бірге терезесі ұшып кеткен жағдай кездеседі. Көшеде дауыл тұрған кезде жарнама қалқандары (және басқа да аспалы құрылымдар), автобус аялдамасы, электр бағанасы мен желісі, сондай-ақ ағаштардан барынша алыс тұрыңыз.

Айналаңызға сақ болыңыз, үстіге құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ болуыңыз. Үзілген сымдар мен құлайтын заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды. «Қатты жел соқса ол тыйылғанша жақын маңдағы ғимаратта немесе табиғи ықтасынға жасырыну қажет.

Үлкен ағаштың, әсіресе теректің астына көлік қоюға болмайды, өйткені ағаш немесе оның ірі бұтағы құлап басып қалуы мүмкін. Шіріген және кәрі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар да өте қауіпті.

«Үйден шықпаңыздар, жақындарыңызды қорғаңыздар» деп ескертеді комитет.
21 мамыр 2020 ж. 158 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области