Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Facebook шағын бизнеске көмектесетін тегін қосымшаны іске қоспақ

Facebook шағын бизнеске көмектесетін тегін қосымшаны іске қоспақ

Америкалық Facebook компаниясы әлеуметтік желі платформасында шағын бизнеске жәрдемдесетін, онлайн түрде сауда-саттық жүргізуге арналған Facebook Shops жаңа қызметін ұсынбақ.
«Қазіргі уақытта шағын бизнес үлкен қиындықтарға тап болуда, өйткені дүкендер жабылып қалды. Адамдардың көпшілігі онлайн бизнес жүргізуге ынталы. Біздің мақсатымыз – сауда процесін оңай жүргізуге көмектесу және шағын бизнес пен әлемдік брендтердің иелеріне біздің қосымшамыз арқылы тұтынушылармен байланыс орнатуына мүмкіндік жасау», - деп хабарлады Facebook.
Аталған қосымша тегін болады. Ондағы «Бизнес» бөлімінде онлайн-дүкендердегі тауарлар каталогы мен олардың бағасы көпшілікке қолжетімді болмақ. Кәсіпкерлер интерфейсті өз қалауларынша безендіріп, өз логотиптерін орналастыра алады. Осылайша, компанияның айтуынша, желі қолданушыларына қажет өнімдерді табу және тапсырыс беру оңайлайды.
Айта кетсек, Facebook-ті 2004 жылы 4 ақпанда Марк Цукерберг және оның үш курстасы Гарвард университетінде оқып жүргенде құрған. Соңғы есептеулер бойынша, 2,89 млрд-тан астам адам айына кем дегенде бір рет Facebook қызметтерін пайдаланады.

23 мамыр 2020 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области