Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОНЛАЙН САУДАНЫҢ АЯСЫ КЕҢЕЙДІ

ОНЛАЙН САУДАНЫҢ АЯСЫ КЕҢЕЙДІ


     Егер сіз – сауда компаниясы, дилер, тауар өндіруші, жеке кәсіпкер болсаңыз онда дүние жүзі бойынша онлайн сауда жасау мүмкіндігіңіз туып тұр.
    Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен «Онлайнға шығып, дүниежүзінде сауда жаса» атты бизнес-семинарда «Zoodel» компаниясының сату жөніндегі директоры Азамат Мұхаммед айтты.
    Азамат Мұхаммедтің айтуынша, 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңа ZoodMall.kz В2С сауда алаңы іске қосылып, өндіруші компанияларға, дилерлерге, белгілі қазақстандық және дүниежүзілік сауда маркаларының өкілдеріне тауарларын тікелей ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық тұтынушылар мен бөлшек сауда нарығындағы шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер.
    Биылғы жылдың 13 қарашасы мен 22 желтоқсаны аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қолдауымен Zoodel мен «Қазпошта» Қазақстанның он сегіз қаласында «Онлайнға шығып, дүниежүзінде сауда жаса» атты бірқатар білім беру бизнес-семинарларын өткізуде. Білім беру науқанының мақсаты - қазақстандық компанияларға өнімдерін ZoodMall.kz арқылы бүкіл әлемге сатуға көмектесу.
    Семинарда ұйымдастырушылар ZoodMall.kz интернет-алаңдары арқылы заманауи сату құралдарымен таныстырды. Компанияның өкілдерінің айтуынша оған алдымен тіркеліп, ZoodMall командасының растауын алу қажет. Одан кейін тауарларыңызды барлық ақпаратты (сипаттамасын, жеткізілім көлемін, бағасын, суретін, т.б.) көрсетіп, оны бүкіл дүниежүзінде және ел ішінде тұтынушыларға сата аласыз.
    ZoodMall.kz – сатушылар мен өндірушілерге ел ішінде сатуға және тауарларды ең ыңғайлы жолмен экспорттауға мүмкіндік беретін Zoodel мен «Қазпоштаның» бірлескен кешенді шешімі.  
    Бұл сауда құралының ішіне:
    – оқыту және электронды коммерция үшін арнайы шешім беру;
    – ШОБ-ты Қазақстанның және одан тыс жердің сату тәсілдеріне үйрету;
    – тауарларды ZoodMall.kz сайтына мобильді жасақтама арқылы салу;
    – дүниежүзілік халықаралық В2С сауда алаңдары (eBay, Amazon, Lazada, Cdiscount, т.б.) арқылы ZoodMall сайтына салынған барлық тауарларды таныту.
    Бұл күнделікті жүздеген миллион сатып алушыларға қазақстандық өндірушілердің тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
    Толығырақ ақпарат алу үшін е-mail:kz@zoodmall.kz поштасына немесе 8 778 817 63 64 байланыс телефонына хабарласуға болады.
    Қызылорда облысы
     кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

20 қараша 2017 ж. 742 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области