Әр үйде болуы тиіс гүлдер
Kyzylorda-news.kz. Бөлме гүлдері әрбір үйге ерекше сұлулық сыйлары сөзсіз. Гүлдер де тірі жандар. Жан-жағына қуаныш пен шаттық сыйлап, адам жанын жадыратады. Әрі бөлме гүлдерінің адамға тигізер пайдасы да молынан.
Үй гүлдерінің пайдалы тұстары: Бөлмедегі жағымсыз көмірқышқыл газын өзіңе сіңіріп, қайта ауаны өттегімен толтырады. Дәрілік өсімдіктер адамда болатын күйікті, суық тию мен әлсіздікті емдейтін қасиеттерге де ие. Қыста үйде жылу жүйесін қолданғандықтан ауа құрғап кетеді. Ал гүлдер үй ауасын ылғалдандырады. Гүлдер тұрмыстық техникалар мен құралдардан шығатын электмагнитті сәулелерді өзіңе сіңіреді. Сол арқылы адамның әлсіреуі мен бас ауруына жол бермейді. Халық арасында бөлме гүлдері адамға бақыт, тыныштық, байлық және сүйіспеншілік әкеледі деп сенеді. Ендеше, біз сіздерге әрбір үйде өсірілуі тиіс гүлдер жайлы айтамыз.
Алоэ
Бұл бәріне таныс бөлме гүлі. Ол суық тигенде, қабынуға, қанды тоқтату мен жараны емдеуге көмектеседі. Оның шырыны қарлығу, қыжылдау, гастрит, қызыл иектің ауруына және де басқада ауруларға таптырмас ем. Алоэні көбіне косметикалық мақсатта қолданады.
Хлорофитум
Бұл гүлді өсіру аса маңызды. Жұқа және иілген жапырақтары бар, жеңіл жолақтары бар бұталы өсімдік. Бұл көгерген саңырауқұлақтар мен ауру таратушы бактериялардан арылуға көмектеседі. Ауаны зиянды заттардан тазалайды. Хлорофитум үйге тыныштық пен жайлылық әкеледі.
Бұрышты жалбыз
Терезе жақтауында қоюға ыңғаланған гүлдердің бірі. Ол тәбітті дұрыстап және тамақтану процесін реттейді. Оның жапырақтарын дәмді дәмдеуіш ретінде әрқилы тағамдарға қосса болады. Әрі оның жапырақтарын шәйға қосып ұайнатып ішсе де болады.
Фиалка
Асханаға ерекше сұлулық қосып тұратын бұл гүл көп жерді де алмайды. Фиалка ауаны зиянды заттардан тазалап, ылғалдандырады. Бұл әлемдегі бейбітшілік пен отбасылық үйлесімділіктің символы. Ақ гүлі мұң мен депрессиядан арылтады. Көк түстісі адамның шығармашылық қабілетін арттырады. Ал қызыл және ашық қызғылт түсті гүлдері көңіл-күйді көтеріп, адамды қауіпті аурулардан сақтайды.
Фикус
Фикус гүлі айналадағы шыңды өзіңе тартып, ауаны тазалацды. Оны дымқыл сүлгімен ақырын сүртсе болады. Фикус бөлмені оттегімен толтырып, ауадағы жағымсыз иістен тазалайды. Сонымен қатар, фикус отбасылық үйлесімді нығайтып, тыныштандырып және беймаза ойлардан арылтады.
Балауса шырмауық
Бұл сопақ жапырақты гүлдің адамға тигізер пайдасы көп. Ақ, қызғылт және қызыл түсті қолшатырлы гүл. Әдемі гүл үйдегі барша негативті бейтараптандырып және иесін жаманшылық пен зиянды микробтардан қорғайды.
Герань (қазтамақ)
Бұл бұйра герань гүлі өзінің бойында көптеген пайдалы қасиетерге ие. Адамда болатын жағымсыз күйлер мен рухтардан қорғайды. Әрі адамның ұйқы бұзылуын реттеп және қауіпті бактериялармен күреседі. Герань гүлі үйге сәттілік пен жетістік әкеледі. Гүлдің иісі адам жанын тыныштандырып және бас ауруын қойдырады. Егер гүл қурап қалса, демек үйде біреу ауырып жатуы мүмкін.
Сансевиерия (ененің тілі)
Өзінің ұзын әрі біртекті жапырақтарымен ерекшеленетін бұл гүл үйге өзгеше сұлулық сыйлайды. Олар біркелкі және қою жасыл түсті болып келеді. Және жапырақтарының арасында ақ жолақтар немесе дақтар болады. Гүл отбасыдағы татулықты арттырып және көңіл-күйді реттейді. Сонымен қатар, оның жапырағын халықтық медицинада антисептик ретінде қолданады. Сансевиерияның шырыны жараны жазып және қанның ағуын тоқтатады.
Оксалис
Бұл шоқ гүлді өсімдік күлгін түсті болып келеді. Оның жапырақтары есімізге көбелектерді түсіреді. Оксалис гүлдейтін кезде жапырақтарының арасында кішкентай қолшатыр тәрізді ақ гүлдер пайда болады. Оксалис жапырағын аспаздықтада салаттарға қосып қолданса болады. Дәмі қымыздықты еске түсіреді. Бұл гүл түйсікті жақсылап, сезімдерді реттейді. Оны өзінің жарымен кездескісі және өзіңе назар аудартқысы келетін жандар сақтай алады.
Кактус (эхинопсис)
Дөңгелек тәрізді болып келетін кактус әрбір үйде өсірілуі тиіс гүл болып саналады. Оны сыртын кішкентай инелер қаптап тұрады. Егер кактусқа жақсы күтім жасаса ол көктемнің аяқ жағында гүдеп шығады. Әр жыл сайын жаңа инелер пайда болып, одан жағымды иіс шығып тұрады. Оның гүлденуі тек 3 күнге дейін ғана созылады. Кактусты теледидар мен компьютердің алдына қойған дұрыс.
Антуриум (ер бақыты)
Жатын бөлмеге қызыл түсті гүлді қоюды ұсынамыз. Ол отбасылық өмірге өзара түсіністік пен сыйластық әкеледі. Антуриум қанық қызыл түсті, жүрекше жапырақ тәрізді болып келеді. Бұл ер кісілерге сәттілік алып келеді. Антуриум – батырлықтың символы. Ер адамның күші, еркіндік пен махаббатқа құштарлықтың белгісі.
Спатифиллум (әйел бақыты)
Үйге махаббат пен сыйластықты әкелетін бұл гүл әрбір үйде болуы тиіс. Спатифиллум – әйел бақытының символы. Ол жас қыздардың өз теңін табуына және тұрмыстағы әйелдерге наңыз әйел бақытын сезінуге көмектеседі. Тіпті, халық арасында бұл гүл балалы болғысы келетін әйелдерге де өз көмегін тигізеді деген ырым да бар.