Қызылордада «Қауіпсіз жол» шарасы өтуде
Kyzylorda-news.kz. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізілуде.
Іс-шараның бірінші күнінде барлығы 485жол қозғалысы ережесін бұзудың деректері анықталды.Оның ішінде заңсыз қайта жабдықтаудың-6, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген-13, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің-44, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың-32, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың-92, маневр жасау ережесін бұзудың-19, жаяу жүргіншіге жол бермеудің-14, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың-4,құжатсыз көлік құралын басқарудың-42 дерегі анықталды.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы мамыр айының 23-не дейін жалғасатын болады.