Қызылордада бүгіннен бастап іске қосылатын ұйымдардың тізімі жарияланды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша 25 мамырдан бастап кезең-кезеңімен іске қосылатын салалардың және ұйымдардың тізіміне толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.
Аталған нысандар санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып және шектеулі уақытта қызмет көрсетеді.