Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көлемі қысқаруда

Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көлемі қысқаруда

Kyzylorda-news.kz. МӘМС жүйесінде медициналық көмектің жекелеген түрлерін тұтыну осы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады.
Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.
«Қабылданған шектеу іс-шаралары – төтенше жағдай, карантин және дәрігерлердің өзін-өзі бақылау бойынша ұсынымдары салдарынан сәуір айында медициналық көмектің жекелеген түрлерінің 50% - ға төмендегенін көріп отырмыз. Мамыр айында 40% – ға және маусым айында 30% - ға кему күтілуде. Яғни екінші тоқсан бойынша шамамен баға – орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады», – деді Айбат Жұмағұлов.
Бірінші кезекте жоспарлы медициналық көмек – жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, консультациялық-диагностикалық қызметтерді, медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін қоса алғанда, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің төмендеуі болжануда.
«Біздің болжамымыз бойынша, медициналық қызметтерді тұтыну көлемі екінші жартыжылдықта инфляцияны өтеу үшін медициналық ұйымдарға қызмет көрсету тарифтерін арттыру есебінен қалпына келтіріледі деп күтеміз», - деді Айбатыр Жұмағұлов.
(Ескерт. – бұл жерде Қор ауруханалар мен емханаларға көрсетілетін медициналық қызметтер үшін төлейтін тарифтер айтылған, ол халыққа әсер етпейді).
Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс онлайн-отырысы өтті.
25 мамыр 2020 ж. 208 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области