Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 17 жастағы жасөспірім Сырдарияға батып кетті

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім Сырдарияға батып кетті

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқыс оқиға кеше сағат 17.00 шамасында болған. Жасөспірім Сырдария өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түскен.
«Оқиға орнына 5 құтқарушы 1 автокөлік және 1 қайық барды. Құтқарушылар жедел әрекетке кірісті. Жасөспірімнің жансыз денесі сағат 18.49 шамасында жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Қызылорда облысында жыл басынан бері барлығы 8 адам суға кетіп қайтыс болды. Оның біреуі - жасөспрім, екеуі - бала, қалғаны - ересек азаматтар. Сондықтан мамандар суға түсу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Былтыр бұл жағдайдан 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала.
Айта кетейік, бұған дейін қалада 10 жасар баланың суға кеткенін хабарлаған болатынбыз.
26 мамыр 2020 ж. 239 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области