Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жазғы онлайн-мектеп ашылды

Қызылордада жазғы онлайн-мектеп ашылды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үшін қашықтан Жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
Жоба бойынша мамыр айының соңына дейін 7, 8, 9-сынып оқушылары ағылшын тілі, математика, физика, информатика, химия және биология пәндері бойынша олимпиадаға онлайн түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, орта мектеп оқушылары «Жер туралы ғылым», «Өсімдік шаруашылығы», «Бизнес инкубатор» және «Экономика» танымдық курстарында білімдерін толықтырадын болады.
Ал жоғары сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша және халықаралық IELTS, SAT / NUFYP емтихандарына екі апталық дайындық курстары ашылды. Алдағы уақытта 10-11-сынып білім алушылары «Web-дизайн» сабақтарына да қатысып, веб-сайт әзірлеуді және графикалық өңдеуді үйренетін болады.
Сондай-ақ, 10-сынып оқушылары кәсіби бағыт бағдар курстарына жазылып, мамандық таңдау және университетке түсу жолдары бағытында топтық және жеке консультациялар алуға мүмкіндіктері бар.
Жазғы мектеп жобасы бойынша 11-сынып оқушыларына арналған қосымша жазғы тілдік курстары да ашылып, шәкірттер мектептің шетелдік мұғалімдерінен ағылшын тілінен дәріс алатын болады.
«Жазғы мектеп бағдарламасы оқу жоспары негізінде және студенттердің ұсыныстары бойынша дайындалады. Әр оқушы қалауы бойынша екі немесе үш бағыттағы курстарға жазылуға мүмкіндіктері бар», – деп түсіндірді Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Ляззат Абдраимова.
26 мамыр 2020 ж. 312 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области