Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада шетел азаматы айыппұлмен босатылды

Қызылордада шетел азаматы айыппұлмен босатылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бұрын сотты болған шетелдік азамат айыппұлмен босатылды.
Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші әзірбайжандық азамат ҚР ҚК 118-бабының 3 бөлігімен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Бас бостандығынан айырылған азамат жазасын өтей жүріп, мәдени-спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Оның жазасын өтелмеген бөлігін айыппұл түріне ауыстыру үшін іс-құжаттары қалалық сотқа жолданады.
Қызылорда қалалық №2 сотында онлайн режимінде Әзірбайжан Республикасының азаматына қатысты сот отырысы өтті.
Сот қаулысының негізінде, жазасының өтелмеген бөлігі айыппұл түріне ауыстырылып, шетел азаматы босатылды.
27 мамыр 2020 ж. 194 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области