Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова: "Аудан әкімі бюджеттің кіріс көзін ұлғайтып, бөлінген қаржыны сапалы игеру қажет"

Гүлшара Әбдіқалықова: "Аудан әкімі бюджеттің кіріс көзін ұлғайтып, бөлінген қаржыны сапалы игеру қажет"

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аудандарға жұмыс сапары Жаңақорғанмен қорытындыланды. Ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2018-2019 жылдар аралығында 4 нысан пайдалануға берілген. Олар: екі денешынықтыру-сауықтыру кешені мен екі дәрігерлік амбулатория. Сондай-ақ, 2020 жылы 10-нан астам нысан ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.
Өңір басшысы алдымен аудандағы Төменарық елді мекенінде салынатын ауылдық аурухана құрылысымен танысып, ардагерлер кеңесінің төрағасымен кездесті. Ақсақал облыс әкімінен ауылдық аурухананың құрылысын жылдам жүргізуге ықпал етуін сұрады.Ауылдық округтен бой көтеретін дәрігерлік амбулатория-аурухана 15 төсекке лайықталған.
Мұнан соң облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова "Орда Сығанақ" ЖШС-нің шипажай жұмысын көрді. Шипажайдың құрылыс жұмыстары 2017 жылы сәуір айында басталған. Ашылған уақытта 60 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданының әкімдігінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мәжіліс өтті.
«Бүгін Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен танысу үшін аудан активімен кездесіп отырмын. Жалпы 4 айдың қорытындысымен ауданда өнеркәсіп өндірісі 1,3%, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп 8,5% артқан. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында да 4,3% өсім байқалады. Дегенмен, есепті кезеңде инвестиция көлемі 76,4 %, құрылыс жұмыстары 36,8 %, тұрғын үй құрылысы 98,6 % және бөлшек сауда айналымы 80,6 % төмендеген. Жиын соңында өңір басшысы жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы қажеттігін ескертті. Себебі, мемлекеттің басты байлығы - ол адам.
Бұл - мемлекеттік орган үшін өзгермейтін қағида. Ел экономикасын дамытудағы қабылданған шаралар мақсатты және нәтижелі болуы керек ",- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылы басталған Жаңақорған кентіндегі
600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы білім ұясының құрылысын сапалы жүргізіп, жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Байкенже ауылдық округіндегі барлау, өндіру, уран шикізатын қайта өңдеуге бағытталған «Байкен-U» ЖШС-нің кәсіпорнына барды. Уранды ұңғылап шаймалау әдісі арқылы өндіретін зауыттың жылдық қуаттылығы - 1600 тонна. Бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Мұнан кейін, облыс әкімі Жаңарық елді мекеніндегі ауылдық клубтың күрделі жөндеу жұмысының барысын тексерді. Жөндеу жұмысына «Жұмыспен қамту жол картасы» (әрі қарай – мемлекеттік бағдарлама) мемлкекеттік бағдарлама аясында
116 млн 144 мың теңге қаражат бөлініп, 45 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сапар барысында Өзгент ауылдық округіндегі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шарасының жобасымен және №224 орта мектеп пен аудандағы орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Білім ұясын күрделі жөндеуден өткізу үшін 261 млн 118 мың теңге қаралып, жаңа 10 жұмыс орны ашылған. Оның 5 орны жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтарға арналған.
Мұнан кейін өңір басшысы Жаңақорған кентіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған спорт кешендерінің проблемалық мәселесімен танысты. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары мемлекеттік бағдарламалары арқылы жүзеге асырылатын Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде болды. Аудан әкімі С. Мақашов аудан көлемінде мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асатын жобалар, күрделі жөндеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу қажеттігін тапсырды.
Сапар барысында облыс әкімі Жаңақорған кентіндегі құрылысы жаңадан салынатын 300 орындық мектептің іргетасын қалау рәсіміне қатысып, Ақүйік ауылындағы балабақша салу және газдандыру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарды көрді. Қазіргі таңда №7 «Қызғалдақ» балабақшасының ғимараты тозығы жетіп, апаттық жағдайда.
90 орындық жаңа типтік бөбекжай құрылысының жоба-сметалық құжаттары 2018 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Облыс әкімі аталған балабақшаның құрылысын жаңа оқу жылына дейін аяқтап, тұрғындар игілгіне беруді жүктеді.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарының екінші күнінде «Шалхия Цинк ЛТД» АҚ кен орнымен танысып, брифингке қатысты. 610 адам жұмыспен қамтылған кәсіпорын сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие қорғасын және мырыш концентраттарын шығаруды жоспарлап отыр. ТБК жобалық қуаты-жылына 4 млн.тонна, толық қуатқа шыққан кезде 1500-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

28 мамыр 2020 ж. 201 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области