Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 31 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

31 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Сталиндік режім кезінде жазықсыз құрбан болғандарды еске алу мақсатында жыл сайын атап өтіледі. ҚР Президентінің тиісті Қаулысы 1997 жылдың 5 сәуірінде қабылданды.
Қазақстанда 1920 жылдардың басында қолдан ұйымдастырылған, кейіннен 1927-1929 жылдары «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен жүзеге асырылған ашаршылық Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерінде 7 миллион адамның өмірін жалмады. Оның ішінде Қазақстанда ең кемі 1,5 миллион адам аштықтан ажал құшты.
Ал Қазақстанда саяси қуғын-сүргін нәубеті 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен СССР-ды құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.
Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы болды.
Темекіден бас тартудың дүниежүзілік күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 31 мамырды Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні деп жариялады. Әлемдік қауымдастық алдына ХХІ ғасырда темекі тарту мәселесін жоюға қол жеткізу міндеті қойылды.
2001 жылы ЕурАзЭҚ құру туралы шарт күшіне енді. Оның басты міндеті мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және құқықтық салалардағы өзара байланыстарын одан әрі тереңдетуге қажетті жағдайларды жасау болды.
2002 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішті ашты. Ескерткіш XX ғасырдың 30-шы жылдарында тұтқындарды жаппай ату орны болған Жаңажол елді мекенінде орнатылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам совет азаматы репрессияға ұшыраған. Әсіресе Совет Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интеллигенция өкілдері бұл заңсыз жазалауға көп ұшыраған. Осы кезеңде еліміздегі қазақтардың 40 пайызы қырылды. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері күштеп қоныстандырылды.
2011 жылы жергілікті уақыт бойынша 16 сағат 35 минутта «Юбилейный» аэродромына Қазақстанның «KazSat-2» ғарыш аппаратын Мәскеуден әкелген АН-124 «Руслан» ұшағы қонды.
«KazSat-2» ғарыш аппараты «KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды. «KazSat-2» ҒА жасау барысында бағдар және тұрақтандыру жүйесінде SODER және Astrium (Франция) өндірісінің құралдары қолданылды.
«KazSat-2» спутнигі электрондық үкіметтің, телерадио хабар тарату, телефония, деректерді табыстау қызметтерін, мультимедиа, жылжымалы байланыс қызметтерін көрсету үшін арналған.
Оның қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Орталық Азия елдерін, Қытайдың, Моңғолияның солтүстік-батысын, Ресейдің орталық бөлігін, Күнгей Кавказ елдерін, Украина мен Беларусь бөліктерін қамтиды.
2015 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында СССР халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағлановаға арналған бюст орнатылды.
Бюст авторы - ҚР халық мүсіншісі, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бақытжан Әбішев.
31 мамыр 2020 ж. 202 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области