Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 31 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

31 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Сталиндік режім кезінде жазықсыз құрбан болғандарды еске алу мақсатында жыл сайын атап өтіледі. ҚР Президентінің тиісті Қаулысы 1997 жылдың 5 сәуірінде қабылданды. Қазақстанда 1920 жылдардың басында қолдан ұйымдастырылған, кейіннен 1927-1929 жылдары «аша тұяқ қалмасын» атты ұранмен жүзеге асырылған ашаршылық Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерінде 7 миллион адамның өмірін жалмады. Оның ішінде Қазақстаннан ең кемі 1,5 миллион адам аштықтан ажал құшты. Ал Қазақстанда саяси қуғын-сүргін нәубеті 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерін тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырады және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы болды.

1925 жылы Қызылордада Қазақстан кәсіподағының алғашқы съезі өтті.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішті ашты. Ескерткіш XX ғасырдың 30-шы жылдарында тұтқындарды жаппай ату орны болған Жаңажол елді мекенінде орнатылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интеллигенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде еліміздегі қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

2010 жылы елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Алашорда» деректі фильмі көрсетілді. Ол «Алаш» партиясы басшыларының өмірі мен қызметіне арналған.

2011 жылы жергілікті уақыт бойынша 16 сағат 35 минутта «Юбилейный» аэродромына Қазақстанның «KazSat-2» ғарыш аппаратын Мәскеуден әкелген АН-124 «Руслан» ұшағы қонды. «KazSat-2» ғарыш аппараты «KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды. Байланыс және хабар тарату спутнигі «РҒБО» АҚ тапсырысы бойынша «М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМБК ресейлік кәсіпорынмен Thales Alenia Space (Италия) компаниясымен бірлесіп жасалды. «KazSat-2» ҒА жасау барысында бағдар және тұрақтандыру жүйесінде SODER и Astrium (Франция) өндірісінің құралдары қолданылды. «KazSat-2» спутнигі электрондық үкіметтің, телерадио хабар тарату, телефония, деректерді табыстау қызметтерін, мультимедиа, жылжымалы байланыс қызметтерін көрсету үшін арналған. Оның қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Орталық Азия елдерін, Қытайдың, Моңғолияның солтүстік-батысын, Ресейдің орталық бөлігін, Күнгей Кавказ елдерін, Украина мен Белоруссия бөліктерін қамтиды.

2015 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағлановаға арналған бюст орнатылды. Бюст авторы - ҚР халық мүсіншісі, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бақытжан Әбішев.
31 мамыр 2019 ж. 298 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области