ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ЕСІМІЗДЕ
Облыс орталығында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген жиынға Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, ғалым-сарапшылар, облыстық ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Қызылорда жоғары медициналық колледжі жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының меңгерушісі Ахмет Шарапатов «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін зардаптары» тақырыбында, Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Жанат Алтынбаева «Зобалаң жылдардағы балалар тағдыры» тақырыбында, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім басшысы Айгерім Беккулиева «XX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Сыр өңіріндегі қуғын-сүргін зардаптары» тақырыбында баяндама жасады.