КЕЛБЕТІ КӨРКЕЙГЕН ҚЫЗЫЛОРДА
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және «Ел Арай» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Талсуат ауылдық округінде орналасқан «Мүгедектерді оңалту» орталығында Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Келбеті көркейген Қызылорда» акциясы өтті. Оған облыстық этномәдени бірлестік белсенділері, мекеме қызметкерлері, оңалту орталығында ем алушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
- Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп, үлген игі бастаманы қолға алып отыр. Ағаш отырғызу акциясы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылуда. Жалпы атаулы мереке аясында Ассамблея тарапынан 200-ге тарта қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі бастамаға аға буын өкілдері, жастар, мекеме ұжымдары да қолдау көрсетуде, - деді Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова.
Шаһардың 200 жылдық мерекесіне орай қаланың көркеюіне үлес қосу, аймақтағы түрлі этнос өкілдерін қоғамдық-мәдени іс-шараларына қатыстыру мақсатындағы акция орталық саябағына 600-ден астам көшет отырғызумен басталды.
- Өңірімізде ағаш егудің игі дәстүрге айналғаны бізді қуантады. Облыстық ассамблея мүшелері қаланың көркеюіне атсалысып, үлгілі істерімен үлкен шараға үлестерін қосып жүр. Бүгінгі еккен көшеттеріміз бірнеше жылда жайқалып өсіп, қаланың сәнін ашады деп сенемін, - дейді «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова.
Тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесін тигізу үшін акцияға облыстық ҚХА жанындағы Жастар қанатының мүшелері де барынша атсалысты. Қаламыздың абаттанып, шырайын әрлендіре түсу үшін өз күштерін аямайтындарын айтты.
Акция аясында орталық емделушілер арасында спорттық сайыс өтті. Қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан әзірленген наурыз көжеден дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады.
Қорытындысында, сайыс жеңімпаздары мен этномәдени бірлестік белсенділері марапатталды.