Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ИГІ ШАРА

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ИГІ ШАРА


    Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Жылы жүрек» еріктілер тобының ұйымдастыруымен Талсуат мүгедектерді оңалту орталығында ем алушылар арасында спартакиада өтті.
    Жарысқа  барлығы 5 команда қатысты. Қатысушылар арқан тарту, асық ату, нысана көздеу мен эстафета жарысынан бақ сынасты. Барлық команда белсенділік танытып, жеңімпаз атануға барын салды.   
    Оқ бойы озық шығып, бірінші орынды - 4 команда қанжығасына байласа, екінші орынды - 2 команда, үшінші орынды - 1, 5 командалар иеленді. Жеңімпаздар «Ел Арай» қайырымдылық қорының қолдауымен бағалы сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.
    Спартакиада соңында, оңалту орталығының директоры Мейрамбек Әбдікәрімов игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
     Облыстық Қазақстан халқы
    ассамблеясының баспасөз қызметі



16 наурыз 2018 ж. 616 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области