ҚАЗАЛЫДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Қазалы ауданында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіруге бағытталған жиын өтті.
Аудандық актив мәжілісіне аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Онда Елбасы Жолдауында айтылған негізгі бағыттар және одан туындайтын міндеттер жөнінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев хабардар етті. Сонымен қатар, аудандық сот төрағасы Д.Мұратбекұлы, еңбек ардагері Б.Пірманов, аудандық аурухананың бас дәрігері К.Әбілов, №190 мектеп директоры Д.Айтмамбет Жолдауға қатысты ой-пікірлерін білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді.