Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 2 есірткі алқабы анықталды

Қызылордада 2 есірткі алқабы анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында заңсыз өсірілген 2 есірткі алқабы анықталды.
2020 жылдың 1 маусым – 30 қазан аралығында «Қарасора-2020» кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жоспарлы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 2 дерегі анықталды.
Атап айтқанда, 48 жастағы Қызылорда қаласы, Белкөл кенті тұрғынының үйінің ауласына 12 түп сора және 37 жастағы Қызылорда қаласы тұрғыны үйінің ауласына 4 түп сора өсіргендігі анықталды.
Күдіктілерге қатысты «өзін дұрыс ұстау және ешқайда кетпеу туралы» қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
03 маусым 2020 ж. 264 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области