Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Есірткі еккен қызылордалық азамат ұсталды

Есірткі еккен қызылордалық азамат ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Көкнәр – 2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі затына ұқсас өсімдікті аса ірі мөлшерде өсірген 45 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Ол есірткіні Арал ауданының Жіңішкеқұм елді мекенінен шығыс бетке қарай 30 шақырымдай жерде өсірген.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен қарап-тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1507 түп заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөп, жалпы салмағы 252 келі сора анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
08 тамыз 2019 ж. 454 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области